Боранға байланысты жолдар жабылды
Еліміздегі бірқатар өңірде ақтүтек боран басылар емес. Соның салдарынан, республика бойынша бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.
Ауа райының тұрақсыздығына байланысты Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Астрахань», «Ақтөбе-Орск», «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» бағыттары бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында да «Алматы-Екатеринбург», «Қызылорда-Павлодар», «Жезқазған-Петропавл» бағыттары бойынша тас жолдар жабылды.
Ал Қостанай облысында көліктердің барлық түрлерінің «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай», «Жезқазған-Петропавл», «Жітіқара-Қамысты-Лермонтовка», «Денисовка-Жітіқара-РФ шекарасы» бағыттары бойынша қозғалысы шектелді. Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы алдағы күндері сақталатын болады
Нұрсәуле Қуандықова, «Қазгидромет» РМК-ның жетекші инженер-синоптигі:
Арктикалық ауа массалары ықпалындағы антициклонның Қазақстанға енуіне байланысты соңғы күндері батыс аймақтарда түнгі температура -28, -36 градусқа, солтүстік және орталықта -35, -40 градус, Оңтүстік Қазақстан облысында -23, -28, шығыста -25, - 30 градусқа дейін төмендеді. Жамбыл және Алматы облыстары оңтүстік циклонның әсерінде болғандықтан, қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді, түнде температура -10, -15 градусқа дейін төмендейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27