Шымкентте пара ұсынған кәсіпкер ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қаржы полицейлері құзырлы орган қызметкеріне пара ұсынған кәсіпкерді қамауға алды. «Ақ Мереке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басшысы лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуын сұрап, Қаржы полициясының қызметкеріне пара ұсынған.
Аз-кемі жоқ, тура 1 миллион теңге бермекші болған. Алайда, оның бұл әрекетінен түк шықпады. Қаржы полицейлері оны белгіленген соманы беріп жатқан жерінде қолға түсірді.
Эльвира Қадірсізова, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Үлкен көлемде пара беру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312-бабының 4-бөлігі, Б тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта айыпталушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Нұржан МЕРГЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05