Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде де Жолдау жүктеген міндеттердің маңыздылығы түсіндірілген жиын өтті. Оқу ордасының профессор-оқытушылары мен білімгерлері басты құжаттың басым бағыттарын айтып, алда атқарар жұмыстарын айқындап алды.
Президент бұл Жолдауында педагог кадрлар дайындайтын оқу орындарына маңызды тапсырма берді. Ол - ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін сол мұғалімдердің өзін жоғары деңгейде дайындауға көшу. Сан емес сапаға көңіл бөлу. Педагогикалық университет ұжымын, әсіресе, білім мен ғылымға үлкен ден қойылып отырғаны қуантады.
Гүлшат Рамазанқызы, саяси ғылымдар докторы, профессор:
Ғылымға ішкі өнімнің 3 пайызына дейін қаржы бөлінетін болды. Бұл өте үлкен өзгеріс деп айтуға болады. Себебі, бұл ғылымға бөлінген қаржыны тек сыйақы ретінде қабылдамауымыз керек. Бұл - міндет, әрі жауапкершілік болып табылады, сол білім ғылым саласында жүргендер үшін.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ