Жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама әзірленбек

Осы жылдың көктеміне дейін «Нұр Отан» партиясы жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама әзірлейді. Тұжырымдаманы дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады.
Оның құрамына үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, саясаткерлер, ғалымдар кіреді. Бұл туралы бүгін Партия жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.
Алда не істеу керектігін бір ширатып алған «нұротандықтар» өткен жылды да талдап-талқылады. Бір жыл бойы партия жемқорлыққа қарсы қандай шара, нендей жиын өткізгенін тізбектеген баяндама оқылды.
Мәселен, 2013 жылы Жемқорлыққа қарсы орталыққа 1 мыңнан астам қоңырау шалынған. Ал партияның Қоғамдық қабылдауына 4 243 арыз-өтініш келіп түскен екен.
Қайырбек Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы:
Сараптай келгенде, арызданушылардың 67 пайызы құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмысына, әкім-қаралардың іс-әрекетіне, соттың шешіміне наразылық білдірген. Ал, қалған 33 пайызы - жеке кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, мемлекеттік сатып алулар, жер мәселесіне байланысты өтініштер. Жемқорлықпен күрес кампаниясы мұнымен аяқталмайды, әлі де жалғастырамыз. Сол үшін де, осы жылы арнайы бағдарлама әзірленуде.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03