Талғарлықтар Жолдауды талқылады
Алматы облысына қарасты Талғар ауданының активі бүгін Елбасы Жолдауын талқылады. 70-тен астам ұлт пен ұлыс мекендеп, ауызбіршілігімен басқа аймақтарға үлгі саналатын өңір «Мәңгілік Ел» идеясын қолдап, Елбасы нақтылап берген бағыт-бағдарды жүзеге асыруға жұмылды.
Ел экономикасының өркендеуіне Талғар аймағы сүбелі үлес қосып келеді. 2013 жылы экономиканың әрбір саласы бойынша межені орындады. Мұнда шағын және орта бизнестің дамуына ерекше көңіл бөлінген. Нәтижесінде, 25 мың адам жұмыспен қамтылған.
Соңғы 4 жылда өндірілген өнімнің көлемі 2 есеге өсіп, 12 миллиард теңгеге жетті. Мемлекет қазынасына түсетін салық аударымы екі есеге артқан. Көрсеткішке тоқмейілсуге болмайды, алға қойған мақсатқа жету үшін әрбір салада бірлесе жұмыс істеу керек, дейді жиылғандар.
Ерғазы Қошанбеков, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Бұл Жолдаудың берері көп. Ол үшін ел ішінде жүрген азаматтар жақсы жұмыс жасауы керек. Өздеріне берген тапсырмаларды орындауы керек. Мұндағы агробизнес кешені мәселесі, денсаулық, білім саласы бойынша жұмыстар толық шешімін тапты деп айта алмаймыз. Мәңгілік ел болу үшін үшін оның халқының білімді болуы, тату-тәтті тұруы мәңгілік елдің болашағын қалауға өзінің септігін тигізеді.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05