Дөрекі мінез танытқан шенеунік жауапқа тартылды
Қостанай облысының бірқатар шенеуіктері мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылыққа жол берсе, енді бірі қарамағындағыларға дөрекі мінез көрсеткен.
Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында осылайша қызмет этикасын бұзған төрт басшының мәселесі талқыланды. Алтынсарин ауданының әлеуметтік саласын және ішкі саясат бөлімін басқаратын қос азаматша, мемлекеттік сатып алу кезінде қаржының тиімді жұмсалуын қадағаламаған.
Соның кесірінен тендерге өзге әкімшілік аумақта тұратын тұлғалар қатыстырылыпты. Бұл әрекет мемлекет қаржысын артық шығындап, сыбайлас жемқорлыққа жол ашады деп бағаланды.
Ал Қамысты ауданының мәдениет саласының басшысы мен Әулиекөл ауданындағы Диев ауылының әкімі, қарамағындағыларға дауыс көтеріп, дөрекі мінез танытқан. Мемлекеттік қызметкер этикасын бұзғандардың бәрі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Балтабек Жұмағалиев, Диев ауылдық округінің әкімі:
Әрине, өзімнің кінәмді мойындаймын. Менің үстімнен шағымданған кісі көрші ауылдағы әріптесімнің баласы. Оған жақын адамым ретінде ақыл айтып, жөнге салғым келді. Бөтен ойым болған жоқ.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14