Мигрант салық төлейді
Енді еңбек мигранттарының әрқайсысы бюджетке жылына 44 мыңнан астам теңге төлейтін болады. Бұған дейін хабарланғандай, 2013 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Президенті «Кейбір заңнамалық актілерге еңбек миграциясы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Рұқсатнама рәсімделетін әр ай үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 3 мың 704 теңге сома алдын ала төлем жасалатын болады. Осылайша, егер рұқсатнама жыл бойына ұзартылып отырса, жалпы төлем сомасы 44 мың 448 теңгені құрайды. Ал, жұмыс беруші салық төлеуге міндетті емес, ол тек шетелдік азаматпен еңбек келісімшартын жасауы тиіс.
Жанатай Сембеков, Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Жаңа заң негізінде алғашқы рет тәртіпті бұзған тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұл дегеніңіз 55 560 теңгені құрайды. Ал, құқық бұзушылық қайталанған жағдайда 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұл дегеніңіз 92 600 теңге құрайды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05