Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Бүгін Алматы облысының тауар өндірушілері шаһарға 236 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді. Жәрмеңкеге 55 тонна ет пен сүт, 70 тонна көкөніс, 10 тоннадан аса балық өнімдері мен 12 тонна жеміс-жидек қойылды.
Азық-түлік бағасы да қолжетімді. Қала нарығындағы бағадан 20 пайыз арзан. Мысалы, жылқы еті - 1300, сиыр мен қой еттері -1000 теңге болса, картоп құны - 80 теңге.
Баға тұрақтылығына көңілі толған қала тұрғындары экологиялық таза өнімдерді шаруалардың өздерінен сатып алуға асықты. Түске дейін 2000-ға жуық тұтынушы сауда жасап, кәсіпкерлердің сапалы өніміне разы болды.
Тынышбай Досымбеков, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
Шаруашалықты жандандыру мәселесі бойынша Үкімет тарапынан көптеген қолдау көрсетілді. 2013-2020 жыл арасында мемлекеттік қолдау 4,5 есеге көбеюі керек. Өткен жылы ауыл шаруашылығына субсидия ретінде 12 миллиард 725 миллион теңге бөлінетін болса, биыл 16 миллиард тенге берілейін деп жатыр.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05