Ақмола облысында боран мен аяздан 4 адам қайтыс болды
Ақмола облысында қатты боран мен аяздың салдарынан төрт адам қайтыс болды. Астрахан ауданы Заречное ауылынан екі шақырым жерде 62 жастағы әйел үсіп қалған. Қазір оның кім екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көкшетау қаласындағы вокзалдың маңайында тұрақты мекен жайы жоқ кезбенің мәйіті табылды. Ол осындағы темір гараждардың арасындағы қуыста қатып қалған.
Шортанды ауданы Петровка елді мекенінің тұрғыны осы айдың жиырмасы күні жоғалып кеткен болатын. Араға екі күн салып, оның мәйіті үйілген мая шөптің қасынан табылған.
Атбасар ауданының Родионовка елді мекенінің 1960 жылы туған тұрғыны көрші ауылдағы апасының үйіне бара жатқан жерде, боранда адасып, үсік шалып, қайтыс болды.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10