Ақмола облысының тұрғыны боранда адасып, қайтыс болды
Ақмола облысында кеше қатты бұрқасын болып, боранда бірден бес адам жоғалып кетті. Ақкөл қаласынан Домбыралы ауылына жаяу шыққан 34 жастағы жігіттің далада адасып, қатып қалғандығы тек бүгін анықталды. Абырой болғанда жоғалған өзге төрт адам аман-есен табылды. Екеуін ауруханаға жеткізуге тура келген.
Ауа райын болжаушылар Ақмола облысы бойынша қаңтардың 20-21 күндері бұрқасын жел тұратындығы туралы бір күн бұрын ақпарат таратқан. Бірақ, бұл ескертуді елей қоймағандар көп болыпты.
Екі күннің ішінде 127 көлік пен 300-ге жуық адам қар астында қалды. Бір ғана Атбасар ауданының өзінде 30 жеңіл көлік пен 70 адам жолда тұрып қалған. Оның ішінде 20 көлік жерлеу рәсіміне бара жатқан жерде далада қалып, сол жерде түнеп шығуға мәжбүр болған.
Нұржамал Аябекова, Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Зиратқа бара жатқан бір топ көлік қар астында қалды. Оның ішінде 50 шақты адам болған. Олардың барлығы қауіпсіз орынға көшірілді. Тазаланбаған бес шақырым қалды. Тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22