Ғылымды дамытуға бизнес те атсалысуы керек
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда Үкімет алдына елімізді әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына қосу мiндетiн қойды. Отандық ғылым мен жоғары технологияны дамытпайынша озық отыздықа кіру мүмкін емес.
Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті және «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің ғылыми консультанты Нұралы Бектұрғанов мәлiмдедi.
Елдегі ғылым саласын қарқынды дамыту үшін бірқатар заң керек. Нақты қандай заңдар қажеттігін ғалымдар қауымы жақын күндері Парламент депутатарымен кездесіп, кеңінен талқылайтын болады.
Ғалымдарды қуантып отырған тағы бір мәселе биылғы Жолдаудың басым бөлігі ғылым саласына арналды. Қазір Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жалпы ішкі өнімнің 0,3 пайызын ғана құрап отыр.
Ал Президенттің бұл көрсеткішті 3 пайыздан асыру керек деген тапсырмасы барлық сала өкілдеріне серпін берері сөзсіз деді, Бектұрғанов.
Нұралы Бектұрғанов, Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті:
Дамыған елдерде ғылымды қаржыландыру 3 пайыздан жоғары. Бiрақ, мұның барлығы бюджет қаржысы деген сөз емес. Ғылымға жеке кәсіпорындар да ақша салады. Мысалы оңтүстiккореялық «Samsung» компаниясы да жоғары технологияны дамыту үшiн 57 мың ғылыми қызметкердің еңбекақысын төлейді. Сондықтан кәсiпорындарды, өндiрiстi ғылымға көптеп тарту керек.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02