Сыр елі ЕХРО-2017 көрмесіне дайындалуда
Байқоңыр құнды жәдігерлерге бай қала. Сондықтан жұлдызды қалашық мұражай-қала деген мәртебеге лайық. Көп ұзамай шаһарға осы статус берілетін болады. Эко және этно туризмді өрістету жағы да қарастырылып жатыр.
Байқоңыр қаласында ғарыштық планетарий, балама қуат көздерін беретін алаң, ұшырылымдарды басқаратын шағын орталық салынады. Бұл нысандар «Байқоңыр ғарыштық Жібек жолы» атты арнайы экономикалық аймақ құру негізінде жүзеге асырылмақ.
2017 жылы өтетін ЕХРО көрмесіне елге бес миллионнан астам мейман келетін болса, соның екі миллионға жуығы Сыр елінде саяхаттау үшін жұмыс жасалып жатыр.
Құрманкүл Датқабекова, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:
Байқоңыр қаласында екі әуежай бар. Қалаға жақын орналасқан «Крайный» әуежайында қазақстандық әуе жолы қатынастарын дамытуға байланысты жұмыстар атқарылып жатыр. ЕХРО жақындаған кезде Астана-Қызылорда-Байқоңыр бағыты бойынша әуе жолдарын қарастырып, екі ел арасында келісімшарт жасап, жүзеге асыру ойымызда бар.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05