Шымкент колледжінде оқушыларға оқ атқан күдікті ұсталды
Шымкентте 16 жастағы жеткіншекке оқ жаудырған күдікті қамауға алынды. 18 жастағы жасөспірім Тараз қаласында ұсталды. Ол оқыс оқиғадан кейін бой тасалап, сонда туыстарының үйінде жасырынған.
Тексеру барысында күдіктінің ешқандай білім ордасында тіркелмегендігі және жұмыссыз екендігі анықталды. Сондай-ақ, оның осы оқиғаға қатысы бар 4 сыбайласы да қолға түсті. Оның екеуі - 1995, екеуі -1996 жылғы жасөспірімдер. Күдіктілердің айтуынша, жазым болған жеткіншек оқыс оқиғаның жазықсыз құрбаны болды. Қазіргі уақытта 16 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Шымкентте талтүсте жасөспірімдерге оқ атылып, 16 жасар жеткіншек қаза болды. Кейін анықталғандай, марқұмның есімі Рамазан Лесбеков екен. Қытайда білім алатын ол оқиға орнына достарымен кездесуге келген.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10