Жастарға кеңес беру орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға кеңес беру орталығы ашылды

16.01.2014
Жастарға кеңес беру орталығы ашылды

Атырау қаласында облыс жастары үшін мемлекеттік бағдарламалар туралы тегін ақпарат беретін кеңес орталығы ашылды. Бұған «Жас Отан» жастар қанаты бастамашы болды.

 
Өткен жылы жастарға кеңес беру орталығы үш ай қызмет еткен болатын. Оған 150-дей жас хабарласып, өздерін толғантқан сауалдарына жауап алып үлгерген болатын. Енді міне, кеңес беру орны ауыл жастары көбірек жүретін вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан «Дина» сауда үйінде ашылды.
 
Мақсат - мемлекет жүзеге асырып отырған бағдарламалар туралы кеңінен түсінік беру.  Орталық таңертеңгі 9-дан түскі 12-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда әр саланың жауапты мамандары белгіленген кесте бойынша жастарға ақпарат береді.
 
Асқар Бопылдықов, «Жас Отан» жастар қанатының АОФ атқарушы хатшысы:
Жастарға кеңес беретін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, басқармалардың басшыларын, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдерін арнайы шақырып, таныстырып, өткізіп жатырмыз. Алға қарай жастарды осы жерге келуге шақырамыз.
 
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу