Жасөспірімдер үйінің басшысы пара алмақ болды деп айыпталуда
Шымкенттегі облыстық жасөспірімдер үйінің директорына қатысты қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады. Мемлекеттік мекеме басшысына пара алмақшы болды деген айып тағылып отыр.
Директор өзінің қол астындағы қызметкерін хатшылық жұмыста қалдырамын деп уәде берген екен. Оған дейін ол маман «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша еңбек етіп келіпті. Ол үшін басшы 150 мың теңге көлемінде сыйақы сұраған.
Қазіргі таңда өз өкілеттілігін асыра пайдаланған лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айтпақшы, мекеме басшысы қамауға осыдан бір ай бұрын алынған екен. Алайда, қаржы полицейлері ол туралы ақпаратты енді таратып отыр.
Эльвира Қадырсызова, облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы:
Сүлейменоваға қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 311 бабының 1 бөлігімен. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде.
Нұржан МЕРГЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемді елең еткізген басты жаңалықтар
15.04.2026, 20:09
Түркиялық компаниялар мұнай-газ қорын барлауға көмектеседі
15.04.2026, 20:08
Несие пайызы арзандауы мүмкін
15.04.2026, 20:07
Кімдердің несиесі кешіріледі?
15.04.2026, 20:06
Мемлекет басшысы Түркияның вице-президентімен кездесті
15.04.2026, 20:06
Мобильді аударымдар: Банктер деректерді комитетке тапсырды
15.04.2026, 20:03
Президент БҰҰ бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады
15.04.2026, 20:03
Президент «Астана» х/қ қаржы орталығының басқарушысы Р.Бектұровты қабылдады
15.04.2026, 20:03