Кеденші Қайсар Малғаждаров атындағы қайырымдылық қоры ашылды
Петропавлда өткен жылы 29 қаңтар күні Алматы маңындағы әуе апатынан қаза тапқан кеден бекетінің басшысы Қайсар Малғаждаров атындағы қайырымыдылық қоры құрылды. Бұл ұйымның мақсаты - болашақта спортшы балаларға қолдау көрсету, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру.
Қайсар Малғаждаров 40-тан енді асқан шағында қазаға ұшырады. Артында жары мен 4 баласы қалды. Ол көзі тірісінде салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысты. Талай адамға демеу болып қол ұшын созды.
Бүгін марқұмның достары мен туған-туыстары, көзкөрген таныстары бас қосып, атпал азаматтың атындағы қайырымдылық қорының тұсауын кесті. Шара барысында 3 спортшыға демеушілік ретінде арнайы сертификаттар табысталды. Алдағы уақытта да қор мүшелері болашағынан үміт күттіретін спортшыларға қолдау білдірмек.
Бақыжан Сәмиева, Қ. Малғаждаровтың апасы:
Қайсардың жолдастарына, бірге жұмыс істеген әріптестеріне көптен-көп рахмет айтқым келеді. Осы қордың ашылуына көп көмектесті. Бұл қор спортпен айналысқан балаларға көмектеседі. Біздің Қайсар спортты өте жақсы көретін.
Жомарт Қажырахымов, қайырымдылық қорды ұйымдастырушы:
Өзі айналысты, баласын да спортқа тартты. Мен шағын футбол федерациясын басқарып отырсам, ол кеденшілердің командасын шығарып, қатыстырып, жеңіске жетуге бар күшін салып отыратын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05