Салық жүйесі жаңартылды
Елордада салық жүйесі жаңартылды. Астанада алғаш рет кезекке тұрудың автоматтандырылған түрі енгізілді. Енді салық төлейтіндер сағаттап кезек күтіп, уақытын текке жоғалтпайды. Арнайы талон арқылы ісін тындырады.
Бұрын Салық комитетіне бару үшін құшағыңды құжатқа толтырып, толық бір күніңді арнауға тура келетін. Ал электронды кезек жұмысты жеңілдетеді, уақытты үнемдетеді.
Арқа төсіндегі жаңашылдыққа, әсіресе, қарапайым тұрғындар қуанып отыр. Жыл соңына дейін тағы 22 жерде дәл осындай электронды кезек жүйесі енгізіледі. Оған ел қазынасынан 151 миллион теңге бөлініп отыр. Айтпақшы, сізге салық төлеуде жәрдем еткен қызметкердің жұмысына енді өзіңіз тікелей баға бере аласыз.
Әнуар Жұмаділдаев, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасы:
Егер де адамдардың қызмет көрсетуге көңілі толмаса, арнайы түймелерді басу арқылы ойын білдіре алады.
Айгүл Елтайқызы, жеке кәсіпкер:
Бұрынғы жүйе бойынша қаншама уақыт кезекте тұратынбыз. Қазір халыққа қолайлы жасалған.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05