Пиғылы теріс ағымдарға тосқауыл қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пиғылы теріс ағымдарға тосқауыл қойылады

15.01.2014
Пиғылы теріс ағымдарға тосқауыл қойылады

Еліміздің рухани дамып, халқымыздың діни сауатының жоғары болуына, ел ауызбіршілігінің артуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қызметіне енді Дін істері агенттігі қолдау көрсетеді. Бүгін екі тарап өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осындай ықпалдастықтың аясында теріс ағымдарды ауыздықтауға болады.

 
Агенттік діни білім беру жүйесін жетілдіру, дін саласындағы  теріс көріністердің алдын алу, тұрғындардың бойында радикалдық идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру мәселелері бойынша бірлесе іс-қимыл жасайтын болады.
 
Сонымен қатар,  әр облыстағы өкіл имамдарға ұлттық дәстүр мен ел тарихынан арнайы дәрістер өткізілуде.
 
Марат Әзілханов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы:
Қазіргі уақытта мемлекет пен діни басқарма арасында осындай ынтымақтастықты заңды түрде рәсімдеудің қажеттігі келіп жетті деп білеміз. Онда қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы исламның рөлі, сондай-ақ, ынтымақтастықты дамыту принциптері мен тетіктері нақты көрсетілген.  Бұл ислам діні төңірегінде болған келеңсіз жайттар мен халықты әртүрлі кертартпа пікірлерден сақтау үшін де маңызды.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу