Республикалық маңызы бар жолдар қардан тазартылуда
Солтүстік Қазақстан облысы аумағынан 1500 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді. Петропавлдан Жезқазғанға, Қостанай мен Астанаға қытынайтыннан басқа, Ресейдің үш облысына апаратын жолдар бар.
Қысы қатты теріскейде жолды қар алып қалу құбылысы жиі кездеседі. Әсіресе, орманды алқаптардың маңында автокөліктердің тұрып қалатын кездері аз емес.
Биыл осындай жағдайлардың алдын алу үшін «Қазавтожол» мекемесі қызметкерлері өздеріне тиесілі учаскелерді төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп тазартуға кірісті. Қазір өңірде 200-ден астам техника жұмылдырылған.
Елубай Жуасбаев Жолды пайдалану учаскесінің шебері:
475 шақырым жолды күтіп ұстау біздің мойнымызда. Ол үшін 29 қар тазалағыш машина, соның ішінде «КаМАЗ», «Рено» сияқты заманауи, жылдам жүретін 5-6 техника бар. Биылға қаржы көбірек бөлінді. Жолдар жабылған жоқ.
Рүстем Жұмағалиев, СҚО ТЖД диспетчерлік қызмет басқармасының басшысы:
Биылғы қыс мезгілінде төтенше жағдай болған жоқ. Себебі, ауа райы жақсы болып тұр. Қатты боран да болған емес. Біз негізінен жол полициясы мамандары, «Қазавтожол» сынды мекемелермен бірлесіп жұмыс істейміз. Облысымыздың әр ауданында осындай арнайы топ құрылған.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05