Шымкентте студенттер арасындағы текетірес өліммен аяқталды
Шымкентте талтүсте жасөспірімдерге оқ атылды. Соның салдарынан 16 жасар жеткіншек қаза болды. Қаладағы колледждердің бірінің алдында өзара әңгімелесіп тұрған он шақты студентке белгісіз біреулер көлікпен өтіп бара жатып, оқ жаудырған.
Топ ішінде бір жасөспірім ауыр жарақат алды. Тағы бір қаңғыған оқ оқиға орын алған жерден өтіп бара жатқан ер кісінің қолына тиген. Ауыр жараланған бозбала ауруханада операция үстелінде тіл тартпастан кетті. Кейін анықталғандай, марқұмның есімі Рамазан Лесбеков екен. Қытайда білім алатын ол оқиға орнына достарымен кездесуге келіпті.
Тергеу барысында қанды қақтығыс екі колледж студенттері арасындағы ерегістен тұтанғандығы анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер мінген көлік табылды. Олар қолданған шолақ мылтық іздестіріліп жатыр.
Сәбит Байбосынов, жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Операция кезінде оқтың жүрек пен өкпені тесіп өткені анықталды. Оны тігу кезінде науқастың жүрегі тоқтап, биологиялық өлім тіркелді.
Салтанат Қаракөзова, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Күдікті азаматтардың тұлғалары анықталды. Олар - 1995 жылы туған Шымкент қаласының 6 тұрғыны. Колледжде оқиды. Қазір екеуі қамауға алынды.
Нұржан МЕРГЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45