Ер есімі - ел есінде
Биыл Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына - 70 жыл. 19 жастағы қазақ қызы 6 рет шайқасқа бастап шығып, немістің 5 жауынгерін тұтқындады. Казачиха деревнясын азат етуде елі үшін құрбан болды. Қазақ қызының бұл ерлігі мәңгі ел есінде.
Қаңтардың 14-і Ақтөбеде ерлікке тағзым ету күні. «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» атты еске алу шарасы жыл сайын өткізіледі. Ақтөбеліктер Әлия Молдағұлованың ер жүректілігін жастарға үлгі етеді.
Өңірде 6 мыңнан аса Әлия бар. Қайсарлық пен өжеттілікті, отансүйгіштікті дәріптеуге аттастары да үлес қосып жүр. Олар «Әлия» мемориалдық кешеніне келіп, мерген қыздың рухына бас иді.
Әлия Амангелидева, студент:
Әлия өткен уақыттың батыры болса, мен бүгінгі заманның патриотымын. Менің де жүрегім елім деп, отаным деп соғады. Сол себепті әрбір Әлия есімді қыздар осы атқа лайық болу керек.
Ғалымжан Бәйдербес, «Қос Шынар» қоғамдық қорының төрағасы:
Оқушылар, студенттер өз беттерімен келіп, Әлияны қастерлеп, гүл шоқтарын қойып оны құрметтеуі біздерді қуантып тұр. Себебі, біздің жастарымыздың егемендік алғаннан кейін өсіп, патриот болғаны осы шарадан белгілі болып тұр.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12