Қызылордаға табиғи газбен жүретін автобустар әкелінді
Ақпан айынан бастап Қызылорда қаласының тұрғындарына жаңа қоғамдық көліктер қызмет көрсетеді. Табиғи газбен жүретін автобустың қоршаған ортаға келтірер зияны аз. Экономикалық тұрғыдан да тиімді.
Автобустың ішіне 3 бейнебақылау камерасы қойылған. Сол арқылы қалта ұрлығының алдын алуға болады дейді мамандар. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы баспалдақ қарастырылған.
Айта кетейік, өңірде осы уақытқа дейін жолаушы тасымалдау мәселесі күрделі күйде болды. Сондықтан да діттеген жеріне жете алмай қиналған жұртшылық үшін облысқа жаңа автобустардың келуі үлкен жаңалық.
Мұрат Нұғманов, Қызылорда автобус паркінің директоры:
Қазір осы автобустарға жүргізушілер мен кондукторларды дайындап жатырмыз. 40 жүргізуші, 40 кондуктор бар. Бізге 100-150 автобус кезең-кезеңімен келеді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
7 жылда 3,5 млн жұмыс орны ашылды
16.11.2026, 14:02
Азық-түлікке салынатын ҚҚС мөлшерін азайтуды ұсынды
16.11.2026, 14:01
ҰҚК төрағасы ауысты
16.11.2026, 14:00
Димаш мексикалықтардың жүрегін жаулады
16.11.2026, 10:09
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
16.11.2026, 10:08
COP31: Қазақстан «жасыл» экономикаға мол инвестиция тартты
16.11.2026, 10:07
ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр
16.11.2026, 10:06
Енді Алматы әуежай жылына 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді
16.11.2026, 10:06