Қостанай облысында электр қуатының құны қымбаттайды
12 қаңтардан бастап, Қостанай облысында электр қуатының құны қымбаттайды. Осылайша жарықтың орташа сатылым бағасы жеке тұлғалар үшін 7 пайызға, заңды тұлғалар үшін 10 пайызға өседі.
Бағаны бірінші болып өндіруші кәсіпорын көтерген. Яғни, «Екібастұз 1» ЖШС осы уақытқа дейін электр қуатының әр киловатын 7 теңге 3 тиынға сатып келсе, енді оның құны тура 8 теңге болды. Олардан қалмай тасымалдаушылар да қызмет құнын қымбаттатқан. Жағдайды сараптай келе табиғи монополияларды реттеу агенттігі тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етуші кәсіпорындардың өтінішін қанағаттандырды.
Алтынай Байсарина, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
Жеке тұлғаларға 14 теңге 39 тиыннан 15 теңге 37 тиынға өсті. Заңды тұлғаларға 17 теңге 62 тиыннан 19 теңге 44 тиынға өсті. Бұл 10 пайызды құрайды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тараз қасындағы Қарахан кесенесінің аумағын тазалады
14.09.2026, 13:27
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды
14.09.2026, 13:24
БҚО жастары мерзімді әскери қызметке аттанды
14.09.2026, 13:21
Еуропада велосипедке сұраныс көбейді
14.09.2026, 13:18
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
14.09.2026, 13:15
Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
14.09.2026, 13:12
Сауд Арабиясы негізгі құбырын іске қоспаса, экспортқа арналған мұнай қоры таусылады
14.09.2026, 13:09
СҚО-да банкроттыққа өтініш берушілер көбейді
14.09.2026, 13:06