Шала туған балаларды қолдау эстафетасы өтті
Шала туған сәбилердің өмірге бейімделуіне ата-ананың қолдауы мен дәрігерлердің көмегі аса маңызды. Жыл сайын елімізде 20 мың бала мерзімінен бұрын ерте туылады. Олардың басым бөлігі қатарына қосылады. Астанада шала туылған балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық эстафетасы өтті. Спорттық шараға мерзімінен бұрын дүниеге келген балалар мен олардың ата-аналары қатысып, түрлі сайыстарда күш сынады. Игі шараға Ішкі істер министрлігі де қолдау білдірді.
Ерлік Сұңқабеков, Ана мен бала орталығының аға мейіргері:
17 қараша дүниежүзілік мерзімінен бұрын дүниеге ерте келетін сәбилер күні. Осыған орай жыл сайын біз атап өтеміз. Жалпы статистика бойынша елімізде 20 мың бала ерте туылады. Оның 80 пайызы аман қалады. Бүгінгі шараға 40 ата-ана, 40 бала қатысып жатыр.
Рауана Рабаниева, тұрғын:
Балам шала туды. 28-5 аптада туды. Осы ана мен бала орталығында 10 күн жан сақтау бөлмесінде болды. Құдайға шүкір, дәрігерлердің көмегімен ел қатарлы шықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы