Астанада өткен жылы 730 өрт оқиғасы болған
Былтырғы жылы бас шаһарда 730 өрт оқиғасы тіркеліпті. 2013 жылды қорытындылап, баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті осындай мәліметті айтты.
Өрттің салдарынан 76 миллион теңге шығын келген. Ең ауыры - адам өлімі бар. 22 кісі жалынның құшағында қалып қойған болса, соның 7-і балалар. Төтенше жағдай департаментіндегілер қайғылы жайт қайталанбас үшін ата-аналар балаларға аса назар аударса, дегенді айтып отыр.
Барат Дұзақбаев, Астана қаласы ТЖД басшысының орынбасары:
Үш өрттің кезінде 7 бала қаза тапты. Бұл енді әлеуметтік жағдайлары төмендеу отбасының балалары. Неге десеңіз, балаларын үйлеріне қамап кетеді де, өздері жұмысқа барады. Сондай кезде балалар ойнап отырып, өрт шығарып алады.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05