Тағы екі тастанды бала табылды
Шымкентте тағы бір ана балаларын бөтен жандарға тастап кетті. Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрған келіншек үй иесіне шаруасы бойынша әлдеқайда кетіп бара жатқанын айтып, екі қызын қарай тұруын өтінген.
Содан екі тәулік өтсе де, кеткен ана қайтып оралмады. Бұл туралы үй иесі Еңбекші аудандық ішкі істер бөліміне хабар берген. Полицейлер екі нәрестені нөмірі 1-ші қалалық балалар ауруханасына тапсырды.
Әзірге қыздардың тек есімдері белгілі. Апалы-сіңлілі нәрестелердің үлкені екі жаста, кішісі бір жастан енді ғана асқан. Гүлмира және Наргиза енді аналарын осы жерде күтетін болады. Қазіргі таңда бұл іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр.
Ғазиза Қожабекова, № 1-ші қалалық балалар ауруханасының дәрігері:
Жалпы жағдайы жақсы, психикалық ауытқуы жоқ. Тәбеті жақсы, көңіл-күйлері дұрыс.
Нұрдан МЕРГЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05