Қаржы полицейі қамауға алынды
Орал қаласында ішкі істер қызметкерін соққыға жыққан қаржы полицейі қамауға алынды. 23 жасар тергеуші мас күйде көлік айдап, алдымен жарық бағанын соққан, содан соң сол маңдағы көлікке соқтығысқан.
Бұл аздай оқиға орнына жеткен жол-патрульдік бөлімнің қызметкерлеріне қыр көрсетіп, топ командирінің бетінен бірнеше рет ұрған. Соққы салдарынан тәртіп сақшысының мұрны сынып, жарақат алды. Қаржы полицейінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Айжан Жұмажанқызы, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Тергеу органдары ұсталған азаматты қамауға алуға санкция беру туралы өтінішпен Орал қалалық сотына жүгінген. Сот қаулысымен қаржы полициясының қызметкері екі ай қамауға алынды.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05