Кірісін көлеңкелеген кеңсе
«Олимп» букмекерлік кеңсесі 300 миллион теңге салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық қаржы полициясы департаментінің өкілдері мәлімет етті.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде еліміз бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесіне тиесілі 409 касса тіркелген. Соның 200-ге жуығы Алматыда орналасқан. Жедел тексеріс нәтижесінде кассаларда салық салынатын кірісті жасырудың жолға қойылғандығы анықталды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында аталған кеңседен ұтып алған ақшаларын ала алмай жүрген азаматтардың шағымы қаржы полициясына түскен болатын.
Жақсылық Жақыбаев, қалалық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
«Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-ші бабы бойынша салық төлеуден жалтарды деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шала туған балаларды қолдау эстафетасы өтті
16.11.2026, 14:15
Астанада «Әкелер форумы» өтті
16.11.2026, 14:13
«Таза Қазақстан»: Тазалық сақтамағандар ₸6,5 млн айыппұл төледі
16.11.2026, 14:10
Бейсенбіде үш ядролық держава басшыларының саммиті өтеді
16.11.2026, 14:04
7 жылда 3,5 млн жұмыс орны ашылды
16.11.2026, 14:02
Азық-түлікке салынатын ҚҚС мөлшерін азайтуды ұсынды
16.11.2026, 14:01
ҰҚК төрағасы ауысты
16.11.2026, 14:00
Димаш мексикалықтардың жүрегін жаулады
16.11.2026, 10:09