Кен өңдеу фабрикасы жабылуы мүмкін
Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы Верхберезовка кентінің тұрғындары орталық көшеге жиналып, үлкен жиналыс өткізді. Бейресми шараға келгендердің барлығы осы елді мекендегі кен өңдеу фабрикасының жұмысшылары.
Осыдан біраз уақыт бұл кәсіпорында өндірістік апат салдарынан 1 адам қаза болған. Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, ал фабрика жұмысын тоқтатқан. Осымен кәсіпорын мүлде жабылып қалады деген болжам бар.
Бұған кенттегі кеншілер де, ауыл тұрғындары да қатты алаңдаулы. Айтуларынша, фабрика жабылса, елді мекен мүлде құлдырап, тозып кетеді. Аудандық прокуратура өкілдерінің айтуынша, әзірге алаңдауға негіз жоқ. Жалпы, бұл кен өңдеу фабрикасында 227 адам жұмыс істеп жүрген.
Дәметай Қалиғазина, Верхберезовка кентінің тұрғыны:
Фабриканы жапса, біз жеп отырған нанымыздан айырыламыз. Балаларымызды қалай асыраймыз? Мектеп жабылады, балаларын қайда апарып оқытады?
Василий Александров, Глубокое ауданының прокуроры:
Адамдар жұмыссыз қалмайды. Фабрика басшылығы бізге осындай уәде беріп отыр. Бұл аудандағы үлкен елді мекендердің бірі. Сондықтан барлық жағдай толық біздің бақылауымызда болады.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05