Азамат Теңізбаев ақталып шықты
Лондонда істі болған қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаев босатылды. Осы аптада Ұлыбритания астанасында аталған оқиғаға байланысты соңғы сот тыңдауы өткен болатын. Енді жақын күндері Азамат елге оралады.
Бапкер Арман Шылмановтың хабарлауынша, жарты жылға созылған істі қараған алқа билер соты таэквандошыдан барлық айыптауларды алып тастаған. «Сот шешімі құжаттамалық түрде рәсімделіп болғаннан кейін, бірнеше күннен соң ол елге ұшып келеді», - деді Арман Шылманов ҚазТАГ агенттігіне.
Естеріңізге сала кетсек, Азамат Теңізбаевқа байланысты жағдай Қазақстан құрамасы Мексикада таэквандодан өткен Әлем біріншілігінен қайтып келе жатқанда болған. Британдық құқық қорғау өкілдері 18 жастағы спортшыны Лондонда қамауға алған еді. Рейстің бір жолаушысы Азамат Теңізбаев ұшақ бортында өзіне қол жүгіртті деп арыз жазған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда телефон ұстаған 1200 жүргізуші айыппұл арқалады
16.04.2026, 17:17
БҚО су қоймаларына есептегіш құралдар орнатылады
16.04.2026, 17:15
Орман өртіне қарсы шаралар күшейтілді
16.04.2026, 17:12
Түркістан облысында МӘМС қаражатын талан-таражға салған
16.04.2026, 17:10
Шымкентте ₸430 млн жымқырған күдікті қамалды
16.04.2026, 17:07
Халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден озды
16.04.2026, 17:05
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
16.04.2026, 17:00
Түркиядағы қазақ ауылында Наурыз тойланды
16.04.2026, 13:30