Жас маман, құтты болсын баспанаң!
Жас маман, құтты болсын баспанаң! Қостанай облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қызметке келген тағы бір маман баспаналы болды.
Глазунов ауылындағы мектептің мұғалімі Айман Аяндина, жеңілдетілген несиеге үй сатып алған 10 мыңыншы қарыз алушы. Яғни, елімізде күні бүгінге дейін, ауылдық елді мекенге қызметке келген осынша маман баспаналы болған.
Аумағы 84 шаршы метр болатын бұл үй жас отбасыға 15 мың АҚШ долларына түсті. Шаңырақ көтергендеріне екі жыл ғана болған Айман мен Рысбек мұнша қаржы жинап үлгерген жоқ-ты. Баспананы мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген жеңілдетілген несиеге сатып алды.
Айман Аяндина, мұғалім:
Ауылда көп үйлер болды. Бірақ, осы үйді өзім жайлы деп ойладым. Өзіме ұнайды. Жылы. Үлкен. Біз енді әлі жаспыз. Отбасымыз үлкейген сайын бізге үлкен үй керек болады деп, үлкен үй алдық.
Мұнда әрине, қаладағыдай жағдай жоқ. Отын жарып, су тасу керек. Бірақ ауылда тұрғанның өзіндік артықшылықтары да бар.
Айман Аяндина, мұғалім:
Есік алдында біздің жеріміз бар. Бақша салуға болады. Сосын көлге жақын болғандықтан, құс ұстағымыз келеді. Одан әрі ірі қараға көшкіміз келеді.
Айман «Глазунов орта мектебіне» 2009-шы жылы арнайы жолдамамен келді. Информатика пәнінен сабақ береді. Ал жұбайы Рысбек Жабағин дене шынықтыру пәнінің оқытушысы.
Қазір ауылдық мектептерде кадр мәселесі оң шешімін тапқан, дейді мамандар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғаннан бері облыста 900 жас маман жеңілдетілген несиемен баспана алған. Соның 700-і ұстаздар.
Әлия Еңсебаева, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының бас менеджері:
Басқа аймақтарға қарағанда Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстанда несиенің осы түріне қызығушылар өте көп. Қостанай бұл сала бойынша бірінші бестікке кіреді.
Несие беруші мекеме өкілдері Айман Аяндинаны 10 мыңыншы қарыз алушы ретінде арнайы келіп құттықтады. Сыйлық ретінде тұрмыстық бұйымдар сатып алуға қажетті 100 мың теңгенің чегін қолына ұстатты.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Qazaqstan» телеарнасы жаңа жылда көрерменге естен кетпес кеш сыйламақ
23.12.2025, 20:55
Әлемді бағындырған қазақстандық өнерпаздар
23.12.2025, 20:54
Павлодар облысында колледждерде 48 жаңа мамандық ашылды
23.12.2025, 20:52
Биыл науқастарға 870 мың ота жасалды
23.12.2025, 20:17
Халықаралық олимпиадаға қатысқан әр екінші оқушы жүлдемен оралды
23.12.2025, 20:12
Алматыда жүрекке алғаш рет арнайы құрылғы орнатылды
23.12.2025, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
23.12.2025, 20:09
Алматыда жолаушы автобустан құлап, омыртқасын сындырып алды
23.12.2025, 20:08