Үш баланы көшеде тастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш баланы көшеде тастап кетті

07.01.2014
Үш баланы көшеде тастап кетті

Шымкентте белгісіз біреулер үш кішкентай баланы аязды күні көшеде қалдырып кеткен. Түнге қарай көшеге шыққан тұрғындардың бірі жол үстінде тұрған балаларды байқап қалған. Ол әбден тонған балаларды  үйлеріне алып келіп, киімін ауыстырып, тамақтандырыпты. Әзірге бөбектердің ата-аналарының ғана есімдері белгілі. Одан басқа ешбір мәлімет жоқ.

 
Кешқұрым көшеге шыққан Фарида Сариева есігінің алдында таныс емес кішкентай балалардың тұрғанын көреді. Жақындай кележол үстінде екі бала мен сөмкені байқайды.
 
Фарида Сариева, қала тұрғыны:
Есіктің алдында екі бала тұр, қасында сөмке болды. Ар жақ, бер жақты қарасам, ешкім жоқ. Біреуінің аяқ киімі болмады.
 
Содан екеуін үйге кіргізіп, сөмкені бір бұрышқа қояды. Қайта келіп қарағанда, сөмке ішінде тағы бір нәрестенің бар екенін байқайды. Әбден тоңып, қарындары ашқан балаларды жылы киіндіріп, тамақтандырып, ұйқыға жатқызады.
 
Таң атысымен полицияға хабар береді.  Әңгіме барысында үш баланың үлкені Керемет, қасындағы кішкентайлардың есімдері Мирас пен Кәусар екені анықталды.
 
Бұдан басқа әзірге ешбір мәлімет жоқ. Үш баланың да дені сау, ешқандай ауытқушылықтары байқалмады. Қазіргі таңда екі кішкентай нәресте ауруханада, үлкені оңалту орталығынада.
 
Сәуле Оңғарбаева, оңалту орталығының қызметкері:
Керемет бізге орналастырылды. Тәбеті мен денсаулығы жақсы. Әңгімелескен кезде қыз әжесінің тәрбиесінде болғанын айтты.
 
Алты күн бойы мемлекеттік мекемеде жүрген балаларының тағдырына алаңдап, бауыр еті баласын іздеп жатқан жан жоқ. Бір ай бойы оларды ешкім іздемесе, нәрестелер жетімдер үйіне жіберіледі. Кішкентайларды қыстың суығында көшеге тастап кеткен ата-ананы тәртіп сақшылары да анықтауда.
 
 
Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу