Көкшетаулық әйел нәрестесімен бірге екінші қабаттан секірді
Көкшетау қаласында жуырда босанған әйел нәрестесімен бірге перзентхана ғимаратының екінші қабатынан секірді. Абырой болғанда, бала да, анасы да аман қалды.
Алайда, бұл әрекетінен кейін әйел қайта перзентханаға оралмады. Орта дәрежедегі жарақатпен оны облыстық ауруханаға жеткізді. Яғни, бас сүйегіне соққы тиген, әрі аяғы сынған.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел баланы сау қалпында дүниеге әкелген. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әлі анықтала қойған жоқ. Айта кету керек, 27 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жедел уәкіл болып жұмыс істейді әрі отбасын құрған.
Айымгүл Маханова, Ақмола облысы перинаталдық орталықтың бөлімдер меңгерушісі:
Босанғаннан кейін оның бойында ешқандай психологиялық ауытқулар байқалмаған. Күндізгі сағат 11 кезінде қасындағы әйел шай қоюға шығып кетеді. Сол кезде ол нәрестесімен бірге терезені сындырып, екінші қабаттан қарғыған. Облыстық ауруханадан дәрігерлер шақырттық. Балаға зақым келмеген. Ал, анасына бүгін операция жасалды.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05