11 жүк вагоны аударылып қалды
Оңтүстік Қазақстанда көмір тиеп келе жатқан жүк құрамасының 11 вагоны жолдан шығып кетті. Оқиға кеше түнде 23 сағат 20 минут шамасында орын алған. Қатты отын тиеген пойыз Тараздан Шымкентке бара жатыпты.
Апат салдарынан бірнеше бағыт бойынша пойыздар кестеден кешігуге мәжбүр болған. Қозғалыс тек таңға жуық реттелді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия мен Төтенше жағдай департаменті, «Қазақстан темір жолы» компаниясының мамандары жұмыс істеп жатыр.
Нұржан МЕРГЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шала туған балаларды қолдау эстафетасы өтті
16.11.2026, 14:15
Астанада «Әкелер форумы» өтті
16.11.2026, 14:13
«Таза Қазақстан»: Тазалық сақтамағандар ₸6,5 млн айыппұл төледі
16.11.2026, 14:10
Бейсенбіде үш ядролық держава басшыларының саммиті өтеді
16.11.2026, 14:04
7 жылда 3,5 млн жұмыс орны ашылды
16.11.2026, 14:02
Азық-түлікке салынатын ҚҚС мөлшерін азайтуды ұсынды
16.11.2026, 14:01
ҰҚК төрағасы ауысты
16.11.2026, 14:00
Димаш мексикалықтардың жүрегін жаулады
16.11.2026, 10:09