Астанада жатақхана отқа оранды
Астанада екі қабатты жатақхана отқа оранды. Оқиға түнгі сағат 3 шамасында болған. Өрт Алматы ауданы Ж.Жабаев көшесіндегі он отбасы қоныстанған нысанның 1 қабатын шарпыған.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 40 минутта ауыздықтады. Төтенше жағдай министірлігінің мәліметінше, улы газдан екі адамға иіс тиіп, олар ауруханаға түсті.
Ақжарқын Бижанова, қала тұрғыны:
Бәрі ұйықтап жатқан. Күйеуім келіп өрт болып жатыр деп айқайлап, бәрінің есіктерін қақты. Сөйтіп, терезені ашып, терезеден шығып жатқанымызда, өрт сөндірушілер келді.
Жалпы, Жаңа жыл қарсаңында еліміз бойынша 7 адамға иіс тиіп қалған. 30-желтоқсан күні Алматыда жеке тұрғын үйдің бірінде отынмен жанатын пештен ақау шығып, соның салдарынан, 4 адам газдан уланған.
Оның біреуі ересек адам болса, үшеуі бала. Сол күні Петропавлда да дәл осындай оқыс оқиғадан, екі адам қайтыс болды.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16