Теңге ауылында жаңа мектеп пен емхана бой көтерді
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында қос қуаныш. Шағын елді мекенде зәулім мектеп пен емхана бой көтерді. Мектеп құрылысына республикалық қазынадан 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Бұл - биыл мұнайшылар қаласында ашылған екінші білім ошағы. Білім ордасы бірқатар мәселенің түйінін шешті. Үш ауысыммен оқу тәртібі жойылды. Көрші мектептерге тасымал тоқтады.
Заманауи үлгідегі оқу ошағы химия, физика, биология кабинеттерімен және компьютер сыныптарымен жабдықталған. Үш қабатты мектепке жеделсаты да орнатылған екен.
Тілектес Сапарбаева, оқушы:
ҰБТ өтпейтін еді, кабинет болмайтын. Енді еркін дайындалатын боламыз алдағы емтихандарға.
Гүлайым Азан, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы:
Жалпы, мектепте 150-дей жұмысшы бар. Мұның 110-120-сы мұғалімдер, қалғаны жалпы қызметкерлер. Қазір 40-тай мұғалім болғанымен ағымдағы жылы толықтырыла береді.
Ал, «Рахат» кентінде ашылған емхананы да халық көптен күткен болатын. Бір күнде 250 адамды қабылдауға қауқарлы емхана ең соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Мұнда УЗИ, рентген, флюрография кабинеттері мен зертханалар бар.
Райхан Дауытова, Рахат кентінің тұрғыны:
Осы поликлиника салынбастан бұрын біз, бала-шаға бар, бірталай жерге қатынап жүрдік. Енді мына жақын жерден ашылды. Қуаныштымыз. Осыған атсалысқан адамдардың барлығына рахметімізді айтамыз.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05