Жаңажылдық ашық хаттар көрмесі ашылды
Павлодар қаласындағы Григорий Потанин атындағы өлкетану музейінде ерекше көрме ашылды.
Мұнда әр жылдары басылып шыққан жаңажылдық ашық хаттар қойылған. Олардың көбі өткен ғасырдағы Қазан төңкерісіне дейінгі жылдарда шығыпты. Тіпті, баспанахана өнімінен бөлек жеке қылқалам шеберлері жасаған эксклюзивті ашық хаттар да бар.
Ресми дерекке қарағанда музей қорында бір жарым мыңға жуық ашық хаттар сақталған. Олар бір-бірін қайталамайды. Және танымдық тұрғыдан өте маңызды мәліметтерден хабардар етеді.
Мәселен, Байкал-Амур магистральінің салынуы, адамның ғарышқа алғаш ұшқан жылдары бейнеленген. Тұрғындар назарына жаңажылдық көне ойыншықтардың түр-түрі ұсынылды. Айталық 50-ші жылдары сәнге айналған «Дрезден картонаждары» жеке экспозиция күйінде құрылды.
Әлия Жомартова, музей қызметкері:
Бұл ойыншықтар 20-шы ғасырда, 50-ші жылдары шыққан. Былай жиналады, сосын шыршаға ілінеді. Бұл ойыншықтардың бағалары да сақталып қалған. Мына жерде жазылып тұр, бағасы бес тиын. Біздің көрменің тағы бір қызықты экспонаты - бұл жаңажылдық ойыншық сағат. Бұл ойыншық 1957 жылы «Карнавальный ночь» деген фильмнен кейін шыққан.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: «Жасыл елдің» 80-нен астам сарбазы ескерткіш аумағын абаттандырды
07.07.2026, 12:52
Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қатысуға дайын ба? - Сауалнама
07.07.2026, 11:46
Америкадағы аладоп аламанының атмосферасы
06.07.2026, 20:21
Этна жанартауы оянды
06.07.2026, 20:18
Үндістанда нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді
06.07.2026, 20:18
Шебер 30 жылда үш мыңнан астам домбыра жасаған
06.07.2026, 20:17
Жер сілкінісінен кейін республикалық автожолдар шұғыл тексерілді
06.07.2026, 20:16
АЭС құрылысында 10 мың адам жұмыспен қамтылады
06.07.2026, 20:16