Жазасын өтеушілер Жаңа жылды атап өтті
Жаңажылдық шыршаны әсем безендірген сотталушылардың, жазасын өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін. Қостанайдағы қатаң режимдегі түзеу мекемесінде «Ең әсем шырша» байқауы өтті.
Байқау шарты бойынша колониядағы әрбір жасақ жаңа жылдың басты символын орнатып, оған айрықша рең беруге тырысты. Қай команданың туындысы озық шыққанын мекеме қызметкерлерінен жасақталған комиссия анықтайды. Жүлделі орын алған жеңімпаздар туған-туыстарымен кездесу, сырттан қосымша сәлем-сауқат алу сияқты жеңілдіктерге ие болады.
Осындай мәдени шараларға тұрақты қатысатындардың тіпті жазасын өтеу мерзімі де қысқаруы мүмкін. Сонымен қатар, Жаңа жыл мерекесіне орай түзеу мекемесінде концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.
Алтынбек Икрамов, жазасын өтеуші:
Мұндай іс-шараларға жиі қатысамыз. Бұл шыршаны 7-8 адам безендірдік. 1 орын алуға тырыстық. Мұндай іс-шаралар көп ұйымдастырылады.
Сапарғали Төлепов, жасақ басшысы:
Өткізіп жатқан іс-шарамыз сотталғандардың түзелу жолына түсуіне ықпал етеді. Ертерек бостандыққа шығуына да жол ашады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05