2014 жылы кітап астанасы болатын қала – Порт-Харкорт
2014 жылы дүниежүзілік кітап астанасы– Порт-Харкорт қаласы болады. Бұл атаққа Мәскеу де таласқан еді. Алайда, нигериялық қаладан оза алмады.
Бұл жобаның мақсаты – ақпараттық технологиялар заманында кітапты кеңінен насихаттау. Сонымен қатар кітап астанасы атану құрметіне ие болған елде кітапхана және тарихи-мәдени ошақтарды қайта қалпына келтіру қарастырылған.
Осы тұста Порт-Харкорт қаласы ұсынған бағдарлама үздік деп танылған. Бағдарламада қамтылған ұтымды дүние - жыл сайын өтетін Garden City әдебиет фестивалі.
Кітап астанасы атағынан үміткерлер қатарында Краков, Лион, Яунде қалалары да болған. Ал Оксфорд пен Вильнюс қалалары бұл атақты иелену үшін белсенді жүмыс істеген. Олар дауыс жинау үшін арнайы сайт та жасаған.
Алайда мұндай қаланы ЮНЕСКО-ның өкілдері, Халықаралық баспалар ассоциациясы (IPA), Халықаралық кітап саудасы федерациясы (IBF), Халықаралық кітапханалар ассоциациясы мен мекемелері (IFLA) өкілдерінен құралған комитет анықтайды. Бұл жоба тек ел беделін арттырады, кітап астанасы атанған қалаға ешқандай қаржылай сыйақы берілмейді. Керісінше, үміткер қалалар мәдени бағдарламаларын қаржылай қолдап, шараға жергілікті тұрғындарды, ғылыми және әдеби ұйымдарды жұмылдыруы қажет, дейді «Известия».
Бірінші дүниежүзілік кітап астанасы атағын 2001 жылы Мадрид қаласы иеленген. Одан кейін бұл атаққа Александрия, Нью-Дели, Антверпен, Монреаль, Турин, Богота, Амстердам, Бейрут, Любляна, Буэнос-Айрес қалалары ие болды. Ал 2012 жылы дүниежүзілік кітап астанасы – Ереван, 2013 жылы Бангкок қалалары болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05