Кенші Головкиндер отбасы марапатталды
Көмір өндірісі Қарағанды облысында бұрынғысынша алдыңғы қатардағы басты салалардың бірі болып қалып отыр. Бұл ретте кеншілерінің қосқан үлесі өте зор. Қажырлы қайрат пен тынымсыз еңбектің иелерін кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі салтанатты түрде құттықтады.
Кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкин де шахтерлер отбасынан шыққан. Оның ата-анасы да сахна төрінде арнайы марапатталды. Әкесі Геннадий Головкинге «Құрметті кенші» белгісі табысталды.
Сондай-ақ жұмыс барысында ерен еңбегімен көзге түскен үздіктерге 1-ші дәрежелі «Кенші даңқы» марапаты, Құрмет грамоталары табысталды.
Геннадий Головкин, Құрметті кенші, боксшы Геннадий Головкиннің әкесі:
Мен шахтада 32 жыл жұмыс істедім. Қара жұмысының барлық түрін атқардым. Кейінірек бригадир қызметінде жүріп, зейнетке шықтым. Отбасымызбен бірге марапаттап жатыр. Алғысымыз шексіз. Осындай гүрзі жұдырықты ұл қарапайым еңбек әулетінен шықты деген өте жарасымды емес пе? Барлық кеншілерді мерекесімен құттықтаймын.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05