Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия барысы» турнирінің жартылайфиналдық жолдамасын Қазақстан құрамасы Моңғолия командасы сарапқа салды.
8 салмақ дәрежесі бойынша өтетін белдесулердің 74 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Айдос Ғалымовтың қарсыласы Тсогтбаатар Тсенд-Очир болды.
Қос бірдей палуанның арасындағы текетірес тартысқа толы болды. Белдесу барысында қарсыластар бір-біріне үнемі шабуылдаумен болды және кездесудің аяқталуына 2 минуттай уақыт қалғанда Айдос Тсогтбаатар әдіс қолданып, жамбас ұпайын еншіледі. Сондай-ақ, артынша бүк ұпайына қол жеткізді. Алайда, қарсылас ұпай айырмасын қысқартуға белсене кірісіп, 2 бүк ұпайын алды. Бірақ, соған қарамастан Айдос Ғалымов жеңіске жетті.
Нәтижесінде жалпыкомандалық есеп қайтадан теңесті. 2:2
Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.