Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

26.10.2017

Халықаралық спорт додасы қазанның 28-і мен 29-ы күндеріне жоспарланған. Бұл туралы бүгін  баспасөз мәслихатында Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Сайыста дүниежүзінің 40 мемлекетінен келетін 167 палуан бақ сынайды. Олардың арасында әлем чемпиондары, Еуропа мен Азия, Панамерика жеңімпаздары бар. Чемпионат 8 салмақ санатында және абсолюттік салмақ категориясында өтеді.

Қанат Боызмбаев әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының формасын таныстырды. Топтамада спорттық костюм, аяқ киім, күртеше және сөмке сынды өзге де керек жабдықтар бар.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу