Қазақ палуандары студенттер арасындағы Әлем чемпионатына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ палуандары студенттер арасындағы Әлем чемпионатына қатысады

08.07.2014
Қазақ палуандары студенттер арасындағы Әлем чемпионатына қатысады

Венгрияның Печ қаласында грек-рим күресінен студенттер арасындағы Әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Wrestling Online.

Бұл әлем университеттерінің 11-ші турнирі. Бұл чемпионатта қазақ палуандары әр жылдары әртүрлі жүлделер жеңіп алды. Олардың ішінде студенттер арасында Әлем чемпионы атанған Алмат Кебісбаев бар.

Биыл Ақан Баймағамбетов (59 келі), Нұртас Өтепбергенов (66 келі), Нұржан Надыров (71 келі), Рашид Кочиев (75 келі) және Илья Насточенко (98 келі) ел намысын қорғайды. Әлем чемпионаты 7-12 шілде аралығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу