Ақтөбе қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

12.12.2019

15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Аталған жарысқа қырықтан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Украина, Франция, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Ресей, Норвегия, Пәкістан және басқа да елдердің палуандары бар. Қазақ күресі халықаралық федерациясы ұйымдастырып отырған шарада алтын, күміс, қола медальдардан бөлек үздік техника, әдемі әдіс және басқа да қырларымен ерекшеленген спортшылар марапатталады. Бұл әлем чемпионатында палуандар сегіз салмақ дәрежесінде белдеседі. 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу