MMA бойынша V Әлем чемпионатын «Qazaqstan» және «QazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді
Астанада MMA бойынша V-ші Әлем чемпионаты өтеді. Қазан айының 6-7-і күндері елордада ұйымдастырылатын әлемдік додаға жер-жаһанның 30 мемлекетінен 100-ден астам әуесқой спортшы қатысады.
Жекпе-жек шеберлері 8 салмақ дәрежесінде чемпион атағын сарапқа салады. Бұдан қоса, бұл турнирде алғаш рет қыздар да сынға түседі. Олар екі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді.
Әлем чемпионатына аты аңызға айналған Федор Емельяненко, UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедов құрметті қонақ ретінде шақырылған.
Айта кетейік, қазақстандық жанкүйерлер аралас жекпе-жек кешін «Qazaqstan» және «QazSport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53