Бүгін Шығыс Қазақстанда бәйге жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Шығыс Қазақстанда бәйге жарысы өтті

01.09.2017

Құрбан айт мерекесіне орай Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың жүлдесі үшін өткен додаға 30-ға тарта сәйгүлік қатысты. Атбегілер тұлпарларын өңірдің түкпір-түкпірінен әкелген. Олар 5 және 15 шақырым қашықтықта жарысты. Жүлде қоры – 1 млн.теңге. Сома жүлдегерлер арасында 1-3 орынға дейін бөлініп берілді.

Айта кету керек, жарысқа жастар көптеп тартылған. Әр ауданның үмітін үкілеген тұлпарлардың шабысына үн қоса келген көрерменде де шек жоқ.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу