БҚО-да аламан бәйге өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да аламан бәйге өтті

26.10.2021

Батыс Қазақстанда шашасына шаң жұқтырмаған сәйгүліктер сайысы өтті. Теректі ауданы Ақжайық ауылында облыстық бәйге федерациясының маусымжабар атжарысы ұйымдастырылды.

Көрермен қиқу қосқан бәйге 4 түрден - тай, құнан, топ, аламан жарыстан тұрды. Дүбірлі додаға көршілес Ақтөбе облысы мен өңір аудандарынан 60-қа жуық ат қатыстырылды.

Аймақта ат спорты енді-енді дамып келеді. Аудан-ауылдарда ұлттық спорт мектептері ашылып жатыр. Онда шабандоздар даярланып, атқа отыру мәдениеті үйретіледі.


Батыс Қазақстан тай құнан топ аламан

Хабарламаларға жазылу