Алматы облысында Президент Кубогы үшін ат спортынан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Президент Кубогы үшін ат спортынан турнир өтті

29.08.2015
Алматы облысында Президент Кубогы үшін ат спортынан турнир өтті

Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан және  Өзбекстаннан келген  атбегілер мен шабандоздар қатысты. Биыл 17-рет  ұйымдастырылған жарыста құнан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарысы, аламан бәйге бойынша үздік тұлпарлар анықталды.

Сондай-ақ, көкпар тарту, теңге ілу, қыз қуу және аударыспақ  ұлттық ойындары   көпшілік назарына ұсынылады. Айта кетейік, Аламан бәйгеде  Жамбыл облысының тұлпары «Аттила» бірінші орынды иеленді.  

 

Аманкелді СЕЙТІХАН

Хабарламаларға жазылу