Қазақ күресі федерациясына жаңа басшы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресі федерациясына жаңа басшы келді

14.03.2017
Қазақ күресі федерациясына жаңа басшы келді

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының басшысы ауысты. Енді бұл қызметті Ислам Әбішев атқаратын болды. Қазақ күресінің 46 елдегі қауымдастық басшылары конгресте оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

 

Ал, бұған дейін федерация президенті болған Серік Төкеев Ислам Әбішевтің орынбасары болып тағайындалды. Жиналғандар бұрынғы басшы қазақ күресінің әлемде танымал болуына ықпал етіп, елеулі еңбек сіңіргенін атап өтті.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу