«Қаллеки» театрына жаңа басшы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театрына жаңа басшы келді

06.01.2016
«Қаллеки» театрына жаңа басшы келді

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда,

Тағайындау Астана қаласы әкімшілігі мен мәдениет басқармасымен келісілген.

«Айболат Жанғалиұлы Сексенбаев  1978 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Аққұс ауылында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Менеджер және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999-2000 жылдары. Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде бастады. 2000-2006 жылдары. Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында әкімші, бас әкімші қызметін атқарды. 2005-2007 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылдан бастап аталмыш театрда директордың көрермен жөніндегі орынбасары,  2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары болған»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

Сондай-ақ онда, Айболат Сексенбаевтың 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры болғандығы, ал,  2016 жылдың 5 қаңтарында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалғандығы айтылған.  

Хабарламаларға жазылу